555

Жаңбыр, бұршақ және 39 градус ыстық: 15 маусымдағы ауа райы болжамы

Мамандар тұрғындарға ауа райының күрт өзгеруіне байланысты сақтық шараларын ұстануды ескертті.

Жаңбыр, бұршақ және 39 градус ыстық: 15 маусымдағы ауа райы болжамы
pixabay.com

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, «Қазгидромет» 15 маусымға бірқатар облыстарда қолайсыз ауа райына байланысты дауылды ескерту жариялады. Мамандар кей өңірлерде найзағай, бұршақ, дауыл, қатты жел және жоғары өрт қаупі сақталатынын ескертті.

Синоптиктердің мәліметінше, алдағы тәулікте ауа райы бірнеше аймақта тұрақсыз болады.

Атырау облысында түнде және күндіз кей аудандарда жаңбыр, найзағай, бұршақ пен дауыл күтіледі. Батыс және шығыс бөліктерде желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін күшеюі мүмкін. Өңірде жоғары өрт қаупі сақталады. Атырау қаласында да күндіз жаңбыр мен найзағай болжанады.

Маңғыстау облысында түнгі және күндізгі уақытта жаңбыр, найзағай, кей жерлерде қатты жаңбыр, бұршақ және дауыл күтіледі. Жел екпіні секундына 15-20 метрге жетуі мүмкін. Ақтау қаласында күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Өрт қаупі жоғары деңгейде қалады.

Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде және орталығында жаңбыр, найзағай, бұршақ болжанады. Кей жерлерде жел күшейіп, екпіні секундына 15 метрге жетеді. Өңірдің оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Қызылорда облысының солтүстігі мен орталығында күндіз жаңбыр мен найзағай күтіледі. Қызылорда қаласында да төтенше өрт қаупі сақталады.

Алматы облысында күндіз таулы және оңтүстік аудандарда өткінші жаңбыр, найзағай болады. Жел екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетуі мүмкін. Кей жерлерде ауа температурасы 35-37 градусқа дейін көтеріледі. Өрт қаупі жоғары деңгейде сақталады. Алматы қаласында да жоғары өрт қаупі күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысында түнде және күндіз жаңбыр, найзағай, кей жерлерде бұршақ болжанады. Таңертең және түнде тұман болуы мүмкін. Петропавл қаласында да жаңбыр, найзағай және бұршақ күтіледі.

Жамбыл облысында таулы аудандарда және кейбір бөліктерде өткінші жаңбыр мен найзағай болады. Жел секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Күндіз ауа температурасы 39 градусқа дейін көтерілуі мүмкін. Өңірде жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады.

Павлодар облысында жаңбыр, найзағай, бұршақ және дауыл күтіледі. Кей аудандарда желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Өңірдің шығысында төтенше өрт қаупі бар.

Батыс Қазақстан облысында күндіз жаңбыр, найзағай, бұршақ болжанады. Кей жерлерде тұман түсіп, жел күшеюі мүмкін. Өңірдің батысы мен оңтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Шығыс Қазақстан облысында өткінші жаңбыр, найзағай, бұршақ және дауыл күтіледі. Жел екпіні секундына 23 метрге дейін жетуі мүмкін. Күндіз ауа температурасы 35 градусқа дейін көтеріледі.

Мамандар азаматтарға ауа райы өзгерістерін ескеріп, жолға шығар алдында жағдайды бақылауға, найзағай мен қатты жел кезінде қауіпсіздік талаптарын сақтауға кеңес береді.

Материал авторы