599

Астанада бағдаршамды елемеген жүргізуші ірі апатқа себеп болды

Соқтығыс салдарынан төрт адам ауруханаға жеткізілген.

Астанада бағдаршамды елемеген жүргізуші ірі апатқа себеп болды
бейнежазбадан

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Астанадағы бір қиылыста екі көлік соқтығысып, төрт адам жарақат алды. Оқиға салдарынан зардап шеккендер ауруханаға жеткізілген.

Полицияның мәліметінше, Changan көлігінің жүргізушісі тыйым салынған бағдаршам белгісіне қарамастан қиылыстан өтіп кетіп, қарсы бағытта келе жатқан автокөлікпен соқтығысқан.

«Орынбор көшесімен Мәңгілік Ел даңғылымен қиылысында солға бұрылу маневрін орындау кезінде Changan автокөлігінің жүргізушісі бағдаршамның қосымша секциясының сигналына бағынбай, тыйым салынған белгіге қарамастан жолға шыққан. Қарсы бағытта түзу қозғалып келе жатқан Mitsubishi көлігіне жол бермей, соқтығысқа себеп болған. Соққы нәтижесінде Changan көлігі бағдаршамның металл тірегіне соғылған», — деп хабарлады Астана қалалық полиция департаменті.

Жол апаты салдарынан Changan көлігінің жүргізушісі мен үш жолаушысы медициналық мекемеге жеткізілді. Екі көлік те арнайы тұраққа қойылған.

Алдын ала деректер бойынша, екі жүргізуші де мас күйде болмаған.

Қазіргі уақытта оқиға бойынша тексеріс жүргізіліп, апаттың барлық мән-жайы анықталып жатыр.

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор