Корей видеографы Бота Нұрақынды контентін рұқсатсыз пайдаланды деп айыптады
Қазақстандық блогердің видеосы желіде үлкен резонанс тудырды.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Бота Мия есімімен танымал блогер Бота Нұрақынды жарнамалық видеосы халықаралық дауға ұласты. Оңтүстіккореялық видеограф Wei оны авторлық құқықты бұзды деп айыптады. Бұл туралы «NewTimes.kz» басылымы жазды.
Wei-дің айтуынша, ол видеоны жасанды интеллект қолданбай, өзі түсіріп, монтаждауға шамамен 60 сағат жұмсаған. Ал Бота Мия сол материалды рұқсатсыз пайдаланып, жасанды интеллект арқылы өңдеп, тіпті автордың дауысын да көшіріп, биіктетіп өзгерткен.
«Мені ашуландыратыны – автор ретінде көрсетпегені емес. Менің кадрларымды алып, Sora арқылы өңдеп, жарнамаға пайдаланғаны. Тіпті даусымды алып, тек ырғағын өзгерткен. Бұл – ақылға сыймайды», – деді ол.
Контент жасаушы коммерциялық мақсатта өзге адамның еңбекті рұқсатсыз қолдануға түбегейлі қарсы екенін де ашық айтты.
«1,4 миллион жазылушысы бар инфлюенсер менің идеямды өз пастасын жарнамалау үшін қолданды. Автор ретінде көрсетпесе де, мәселе онда емес. Мен генеративті ЖИ туралы неге ашық сөйлейтінімді осы жағдай дәлелдеп отыр. Менің контентім әрқашан көрерменді төмен санамай, керісінше жоғары бағалауға негізделген. Контент жасаушы ретінде біз өз еңбегімізге жан мен мінез беруіміз керек», – деді Wei.
Даудан кейін ресми кешірім жасалмаған. Керісінше, желі қолданушылары Бота Мия тарапынан блогерге қатысты жағымсыз пікір айтылғанын жазған, ол оның дауысын «жаман» деп сипаттаған.
Желіде бұл жағдайға қатысты пікір екіге жарылды. Бір тарап автордың еңбегі қорғалу керек десе, екіншілері инфлюенсердің әрекетін этикаға қайшы деп бағалаған.
Кей қолданушылар бұл оның алғашқы осындай дауы емес екенін де атап өтті.
Материал авторы