514

Астанада жасөспірімдер тұрғын үй ауласында жаппай төбелесті (ВИДЕО)

Тұрғындар түсіріп алған видео әлеуметтік желіде тарап, қала тұрғындарының алаңдауын күшейтті.

Астанада жасөспірімдер тұрғын үй ауласында жаппай төбелесті (ВИДЕО)
бейнежазбадан

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Астанадағы Сарыарқа ауданындағы тұрғын үй кешендерінің бірінің ауласында жасөспірімдер арасында жаппай жанжал болған. Оқиға түсірілген видео әлеуметтік желілерде тарап, полиция қылмыстық іс қозғады.

Әлеуметтік желілерде тараған кадрларда бірнеше жасөспірімнің аулада төбелесіп жатқаны көрінеді. Видео қоғам арасында қызу талқыланып, тұрғындардың алаңдауына себеп болған.

Жазбада бір топ адамның жанжалға қатысушылардың бірін жерге құлатып, соққы жасағаны байқалады. Ауланың басқа бөлігінде тағы бір топ жасөспірім басқа адамға шабуыл жасаған.

Оқиғаға қатысты Астана қаласы полиция департаменті түсініктеме берді. Ведомство мәліметінше, жанжал Сарыарқа ауданында болған.

«Сарыарқа аудандық полиция басқармасы «Бұзақылық» бабы бойынша қылмыстық іс қозғады. Қазір төбелеске қатысқан барлық адамның жеке басын анықтау үшін тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», – деп хабарлады полиция.

Материал авторы

Азиз Қалижан
Азиз Қалижан Редактор