700

Сәкен Майғазиев ата атанды

Белгілі әнші сүйінші хабарын жеткізді.

Сәкен Майғазиев ата атанды
instagram.com/saken_maigaziyev

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, әнші, «МузАРТ» тобының мүшесі Сәкен Майғазиев алғаш рет ата атанғанын мәлімдеді. Өнер иесі бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жариялаған.

51 жастағы әнші видеода отбасы үшін ерекше жаңалықпен бөлісіп, немерелі болғанын айтты.

Сәкен Майғазиевтің үлкен ұлы Әділет пен оның жары Әдияның отбасында сәби дүниеге келген. Бұған дейін ақпан айында жас отбасы гендер-пати өткізіп, қыз баланың дүниеге келетінін хабарлаған болатын.

Өнер иесінің оқырмандары қуанышты жаңалыққа жылы лебіздерін білдіріп, жаңа туған сәбиге мықты денсаулық пен бақыт тіледі.

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор