718

«Немересін құтқармақ болған»: Тобыл өзенінде жоғалған бала мен атасын іздеу жалғасып жатыр

Құтқарушылар бірнеше күнге созылған іздеу кезінде өзен аумағын толық тексеріп жатыр.

«Немересін құтқармақ болған»: Тобыл өзенінде жоғалған бала мен атасын іздеу жалғасып жатыр
ubook.ru

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қостанай облысында Тобыл өзеніне батып кеткен алты жасар бала мен оның атасын іздеу жұмыстары жалғасуда. Құтқарушылар су айдынында ауқымды іздеу жүргізіп жатыр. Бұл туралы kstnews.kz жазды.

Қайғылы жағдай 14 маусымда Алтын Дала ауылының маңында болған. Алдын ала мәлімет бойынша, бала су жағасында ойнап жүріп, өзенге құлаған. Оны құтқаруға атасы ұмтылғанымен, қатты ағыс екеуін де алып кеткен.

Оқиға орнына төтенше жағдайлар қызметі, полиция, медицина мамандары және жергілікті органдар өкілдері келген. Іздеу жұмыстарына 40 адам, 13 техника, екі жүзу құралы және ұшқышсыз әуе аппараты жұмылдырылған.

Құтқарушылар мен сүңгуірлер осы уақытқа дейін өзен аумағының шамамен 32 мың шаршы метрін тексерген. Алайда әзірге нәтиже жоқ, іздеу жалғасып жатыр.

Мамандар тұрғындарға су маңында қауіпсіздік ережелерін сақтауды ескертті. Балаларды қараусыз қалдырмау, сондай-ақ арнайы жабдықталмаған жерлерде суға түспеу қажеттігін айтты.

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор