813

Елена Рыбакина Instagram желісіндегі парақшасын не үшін жапқанын айтты

Әлемнің екінші ракеткасы Рыбакина жанкүйерлердің ауыр пікірлері туралы айтты.

Елена Рыбакина Instagram желісіндегі парақшасын не үшін жапқанын айтты
KTF

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, қазақстандық теннисші Елена Рыбакина әлеуметтік желідегі парақшасын уақытша жабу себебін айтты. Спортшы бұл шешімге Лондондағы WTA 500 турниріндегі жеңілістен кейін келгенін мәлімдеді. Бұл туралы «Sports.kz» басылымы жазды.

Қазақстанның үздік теннисшісі Queen’s Club турнирінің ширек финалында британиялық Кэти Бултерден күтпеген жеңіліс тапқаннан кейін әлеуметтік желіде көп сын мен жағымсыз пікірге тап болған.

Осыдан кейін Рыбакина Instagram аккаунтын уақытша өшіруге шешім қабылдаған. Оның айтуынша, жеңілістен кейін келетін ауыр сөздер кейде шамадан тыс көбейіп кетеді.

«Шынымды айтсам, жеңілістерден кейін маған өте көп жағымсыз хабарлама келеді. Кейде бұл тым артық болады. Сондықтан аккаунтымды біраз уақытқа өшіріп қоюды жөн көрдім. Мен үшін бұл дұрыс шешім болды деп ойлаймын», — деді теннисші.

Сонымен қатар әлемнің екінші ракеткасы мұндай пікірлерге көп мән бермеуге тырысатынын және басты назарын спортқа аударатынын атап өтті.

«Әрине, мұндай пікірлердің барлығын оқымауға тырысамын. Бірақ кейде олар бәрібір жетіп жатады. Ең маңыздысы — өз жұмысыңа көңіл бөліп, олардың ойынға әсер етуіне жол бермеу», — деді Елена Рыбакина. 

Материал авторы