660

Астанада автобус аялдамада тұрған зейнеткерді қағып кетті (ВИДЕО)

Қазір полиция автобус жүргізушісінің әрекетін тексеріп жатыр.

Астанада автобус аялдамада тұрған зейнеткерді қағып кетті (ВИДЕО)
бейнежазбадан

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Астанада жолаушылар автобусының қатысуымен жол-көлік оқиғасы болып, салдарынан егде жастағы әйел зардап шекті. Ол ауруханаға жеткізілді. 

Оқиға 13 маусым күні таңертең Сәтбаев көшесінде орналасқан аялдама маңында болған. Жол апаты туралы ақпарат әлеуметтік желілерде тараған.

Куәгерлердің айтуынша, автобус аялдамаға кіріп бара жатқан кезде егде жастағы әйелді қағып кеткен.

Астана қаласының полиция департаменті оқиғаның болғанын растады.

«13 маусым күні Сәтбаев көшесі бойымен келе жатқан Yutong маркалы автобус жүргізушісі аялдама кешеніне кіріп жатқан кезде жол бөлігінде тұрған жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Жол-көлік оқиғасы салдарынан зардап шеккен әйел медициналық мекемеге жеткізілді», — деп хабарлады полиция.

Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары жол апатының барлық мән-жайын анықтап жатыр.

Материал авторы