596

Қарағандыда екі жасар бала терезеден құлап кетті

Қарағандыдағы аудандардың бірінде екі жасар бала жетінші қабаттың терезесінен құлап, мерт болды деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Қарағандыда екі жасар бала терезеден құлап кетті
pexels

9 мамырда Қарағандының оңтүстік-шығыс бөлігінде екі жасар бала көпқабатты үйдің терезесінен құлап кетті. Жетінші қабаттан құлап, сәби жарақат алып, сол жерде көз жұмды, деп жазды Е-Қарағанды.

Ақпаратты Қарағанды ​​облысының төтенше жағдайлар департаменті растады. Құтқарушылар ересектерді абай болуға, балаларды қараусыз қалдырмауға шақырды.