Танымал актриса туған күнінде өмірден өтті
Небәрі 35 жастағы актрисаның қазасы өнер әлемін дүр сілкіндірді.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Түркияның кино әлемінде ауыр қаза орын алды. Танымал сериалдар арқылы көрерменге танылған актриса Эдже Иртем 36 жасқа қараған шағында өмірден өтті.
Актрисаның денесі 15 маусым күні таңертең өзі анасымен бірге тұрған пәтерден табылған. Түркиялық БАҚ мәліметінше, Эдже Иртем қайтыс болардан бір күн бұрын туған күнін атап өткен.
Актрисаның тосын өлімі оның жақындары мен әріптестері үшін күтпеген жағдай болған. Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін құқық қорғау органдары тексеру жұмыстарын бастаған.
Актрисаның өкілі алдын ала болжам бойынша, өлімге жүрек талмасы себеп болуы мүмкін екенін айтқан. Алайда нақты қорытынды сот-медициналық сараптамадан кейін белгілі болады. Тергеу жалғасып жатыр.
Эдже Иртем актерлік мансабын 2014 жылы бастаған. Он жылға жуық шығармашылық жолында ол түрік көрермендерінің сүйіспеншілігіне бөленді.
Актриса «Mahsun J», «Merakli Adamin 10 Günü», «Aile», «Sandik Kokusu» және «Kızılcık Şerbeti» сияқты танымал тележобалардағы рөлдері арқылы кеңінен танылды.
Эдже Иртемнің күтпеген жерден өмірден өтуі түрік кино индустриясы мен оның шығармашылығын бағалаған көрермендер үшін үлкен қайғы болды.
Материал авторы