Доллар мен еуро қанша теңге? Қазақстан қалаларындағы айырбас бағамы жарияланды
Айырбастау орындарында доллар бағасы өзгерді.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қазақстанның ірі қалаларындағы айырбастау орындарында шетел валюталарының сатып алу және сату бағамы жаңарды. 18 маусымдағы жағдай бойынша доллар, еуро және рубль бағамы Астана, Алматы және Шымкент қалаларында әртүрлі деңгейде қалыптасты. Бұл туралы Kurs.kz жазды.
Астанадағы айырбастау орындарында долларды сатып алу бағамы орта есеппен 486 теңге болса, сату бағамы 492,96 теңгені құрады.
Еуроның сатып алу бағамы 562,99 теңге, сату бағамы 572,97 теңге деңгейінде белгіленді. Ресей рублі 6,40–6,70 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Алматыдағы айырбастау орындарында доллар 488,42 теңгеден сатып алынып, 490,60 теңгеден сатылуда. Еуроның сатып алу бағамы 565,66 теңге, сату бағамы 570,75 теңге болды. Рубль бағамы 6,46–6,58 теңге аралығында өзгерді.
Шымкентте доллардың сатып алу бағамы 488,56 теңге, сату бағамы 490,56 теңге деңгейінде. Еуро 565 теңгеден сатып алынып, 570,19 теңгеден сатылуда. Ал рубльдің бағамы 6,49–6,56 теңге аралығында қалыптасты.
Ұлттық банк жариялаған ресми бағам бойынша, бүгін 1 АҚШ доллары — 489,39 теңге, 1 еуро — 567,5 теңге, ал 1 ресей рублі — 6,69 теңге болды.
Материал авторы