1224

Қазақстанда азық-түлік бағасы әлемге қарағанда арзан болып шықты

Қазақстандағы азық-түлік бағасы Еуропамен салыстырғанда қаншалықты төмен? Жаңа рейтинг жарияланды.

Қазақстанда азық-түлік бағасы әлемге қарағанда арзан болып шықты
ЖИ / SMARTNEWS.KZ

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, әлемде азық-түлік бағасы тұрақты өсіп жатқан кезеңде Қазақстан негізгі өнімдердің құны бойынша салыстырмалы түрде төмен көрсеткіш көрсетті. Халықаралық рейтингте ел ең қымбат азық-түлік сатылатын мемлекеттердің қатарынан табылған жоқ. Бұл туралы Zakon.kz басылымы жазды.

2026 жылдың екінші тоқсанына арналған Numbeo статистикалық платформасының мәліметіне сәйкес, Қазақстандағы базалық азық-түлік себетінің құны әлемдік деңгейде төмен көрсеткіштердің бірі саналады.

Аталған рейтингте Қазақстан 155 елдің ішінде 136-орынға жайғасты. Елдің азық-түлік бағасы индексі 30 балды құрады. Бұл көрсеткіш Қазақстандағы негізгі азық-түлік себеті Нью-Йорк тұрғындарымен салыстырғанда шамамен 70 пайызға арзан екенін білдіреді.

Азық-түлік бағасы қалай есептелді?

Numbeo қолданатын Grocery Index көрсеткіші тұрғындардың күнделікті тұтынатын негізгі азық-түлік өнімдеріне кететін шығынды көрсетеді.

Себетке сүт, нан, күріш, жұмыртқа, ірімшік, ет, жеміс-жидек, көкөніс және бөтелкедегі су сияқты қажетті өнімдер кіреді.

Әлемдегі ең қымбат азық-түлік қайда?

Рейтинг бойынша азық-түлік бағасы ең жоғары ел — Бермуд аралдары. Мұнда индекс 143,4 балға жеткен. Яғни негізгі азық-түлік себеті Нью-Йоркке қарағанда 43 пайыздан астам қымбат.

Екінші орында — АҚШ-тың Виргин аралдары (127,4 балл), үшінші орында — Кайман аралдары (124 балл).

Азық-түлік ең қымбат он елдің қатарына сондай-ақ Швейцария, Исландия, Багам аралдары, Норвегия, Джерси, Гернси және Люксембург кірді.

ТМД елдері арасындағы жағдай

ТМД кеңістігінде ең қымбат азық-түлік Арменияда тіркелген. Ел әлемдік рейтингте 108-орында орналасып, индексі 36,1 балды көрсетті.

Ресей 110-орында (35,7 балл), Тәжікстан 113-орында (35,2 балл) тұр.

Ал Қазақстан ТМД елдері арасында азық-түлігі арзандау мемлекеттердің қатарына кірді. Одан төмен көрсеткіштер Беларусь, Өзбекстан, Әзербайжан және Қырғызстанда байқалған.

Ең арзан азық-түлік қай елдерде?

Numbeo мәліметінше, әлемдегі ең төмен азық-түлік бағасы Ауғанстан мен Пәкістанда тіркелген. Бұл елдердегі индекс 18,2 балды құрады.

Сондай-ақ азық-түлік құны төмен мемлекеттердің қатарында Иран, Үндістан, Египет, Ливия, Непал және Руанда бар.

Материал авторы

Азиз Қалижан
Азиз Қалижан Редактор