Доллар 490 теңгеге жақындады: 20 маусымдағы валюта бағамы қандай
Қазақстандағы ақша айырбастау орындарында доллар мен еуро құны белгілі болды
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қазақстанның ірі қалаларындағы айырбастау орындарында доллар, еуро және рубльдің бүгінгі бағамы жарияланды. Валюта құны Астана, Алматы және Шымкент қалаларында сәл өзгеше қалыптасқан.
Kurs.kz мәліметіне сәйкес, 20 маусымдағы айырбастау орындарындағы шетел валюталарының орташа бағамы төмендегідей:
Елордадағы айырбастау орындарында:
долларды сатып алу бағасы — 484,01 теңге, сату бағасы — 490,96 теңге;
еуроны сатып алу — 557,99 теңге, сату — 567,97 теңге;
рубль бағамы — 6,20–6,50 теңге аралығында.
Алматыдағы валюта бағасы
Алматы қаласында:
долларды сатып алу — 487,93 теңге, сату — 489,82 теңге;
еуроны сатып алу — 559,03 теңге, сату — 564,16 теңге;
рубльді сатып алу — 6,37 теңге, сату — 6,49 теңге.
Шымкенттегі айырбастау орындарында:
долларды сатып алу — 488,19 теңге, сату — 490,23 теңге;
еуроны сатып алу — 558,15 теңге, сату — 553,81 теңге;
рубльді сатып алу — 6,38 теңге, сату — 6,45 теңге.
Ұлттық банк белгілеген ресми бағам бойынша, 20 маусымда 1 АҚШ доллары — 488,37 теңге, 1 еуро — 559,77 теңге, ал 1 ресей рублі — 6,64 теңге болды.
Айырбастау орындарындағы нақты баға нарықтағы сұраныс пен ұсынысқа байланысты өзгеруі мүмкін.
Материал авторы