1440

Атырауда үш көлік соқтығысты: Haval жүргізушісі ауруханаға түсті

Үш көлік қатысқан жол апатынан кейін жүргізуші зардап шекті.

Атырауда үш көлік соқтығысты: Haval жүргізушісі ауруханаға түсті
instagram.com/atyrauoil.official

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Атырауда үш көліктің қатысуымен жол-көлік оқиғасы болып, бір адам зардап шекті. Апаттан кейін Haval көлігінің жүргізушісі ауруханаға жеткізілді.

Жол апаты 19 маусым күні сағат шамамен 17:30-да Өркен ықшамауданында болған. Оқиғаға Haval, Renault Duster және Hyundai Elantra көліктері қатысқан.

Соқтығыс салдарынан Haval жүргізушісі жарақат алып, Атырау облыстық ауруханасына жеткізілген.

Атырау облысы полиция департаментінің мәліметінше, қазіргі уақытта жол апатының барлық мән-жайы анықталып жатыр. Құзырлы органдар қажетті материалдарды жинап, тексеру жұмыстарын жүргізуде.

Полиция жүргізушілерге жол қозғалысы ережелерін сақтаудың маңызын еске салды. Әсіресе қиылыстардан өткен кезде жол белгілеріне назар аударып, көлік басқару кезінде барынша мұқият болу қажет екенін атап өтті.

Материал авторы

Азиз Қалижан
Азиз Қалижан Редактор