1218

Доллар, еуро, рубль: Қазақстан қалаларындағы бүгінгі валюта бағамы белгілі болды

Ақша айырбастайтындар үшін маңызды ақпарат жарияланды.

Доллар, еуро, рубль: Қазақстан қалаларындағы бүгінгі валюта бағамы белгілі болды
jk78 / Getty Images / Canva

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, 23 маусымдағы жағдай бойынша Қазақстанның ірі қалаларындағы айырбастау орындарында шетел валюталарының бағамы белгілі болды. Доллар, еуро және рубльдің сатып алу-сату құны Астана, Алматы және Шымкент қалаларында әртүрлі деңгейде қалыптасқан.

Kurs.kz деректеріне сәйкес, Астана қаласындағы айырбастау орындарында АҚШ долларының орташа сатып алу бағамы 483,99 теңгені, сату бағамы 490,93 теңгені құрады.

Еуро бағамы бойынша айырбастау орындарындағы көрсеткіштер 556,04 теңге мен 566,04 теңге аралығында болды. Ал ресей рублі 6,20-6,50 теңге шамасында саудаланды.

Алматыдағы айырбастау орындарында доллар сәл жоғары бағамен ұсынылды. Мұнда валютаны сатып алу құны 486,29 теңге, сату бағамы 488,36 теңге болды.

Еуроның сатып алу бағамы 557,47 теңгені, сату бағамы 562,76 теңгені көрсетті. Рубль 6,33-6,46 теңге аралығында сатылып жатты.

Шымкент қаласында доллардың сатып алу бағасы 486,98 теңге, сату құны 489 теңге болды. Еуро 556,76-562,09 теңге аралығында, ал рубль 6,31-6,39 теңге деңгейінде белгіленді.

Қазақстан Ұлттық банкінің ресми бағамы бойынша, 23 маусымда 1 АҚШ доллары 487,01 теңге, 1 еуро 557,87 теңге, 1 рубль 6,59 теңге болып белгіленді.

Айырбастау орындарындағы нақты бағамдар қалаға және нақты айырбастау пунктіне қарай өзгеруі мүмкін.

Материал авторы