Жасанды интеллект АҚШ-тың құпия деректерін жайып салды
Mythos нейрожелісі АҚШ агенттігінің қорғалған ресурстарына бірнеше сағат ішінде кірген.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Anthropic компаниясының Mythos атты жасанды интеллект моделі АҚШ Ұлттық қауіпсіздік агенттігінің (NSA) құпия ресурстарына заңсыз қол жеткізіп, деректердің басым бөлігін бұзған болуы мүмкін. Бұл туралы The Economist басылымы жазды.
Жоғары деңгейде шектелген жасанды интеллект модельдеріне қатысты дау АҚШ-та қатаң бақылау шараларынан кейін күшейген. Маусым айының ортасында Ақ үй Anthropic компаниясының ең қуатты Fable 5 және Mythos 5 модельдеріне шетелдік қолданушылардың қол жеткізуін бұғаттауды талап еткен. Осыдан кейін компания аталған нейрожеліге кіруді шектегенін мәлімдеген.
Сенатордың айтуынша, Mythos нейрожелісі агенттіктің қорғалған жүйелерін бірнеше сағат ішінде бұзып өткен.
Бұған дейін АҚШ Қорғаныс министрі Пит Хегсет Anthropic компаниясының жасанды интеллект шешімдеріне қатысты шектеулер енгізілуін қолдап, олардың Пентагон жүйесінен шығарылуын дұрыс шешім деп атаған. Оның пікірінше, бұл қадамның дұрыстығы уақыт өте келе дәлелденіп отыр.
Сонымен қатар, америкалық БАҚ Пентагонның Иранға жасалған соққылар кезінде xAI компаниясы әзірлеген Grok атты жасанды интеллект чат-ботын пайдаланғанын хабарлады. Бұл компанияны кәсіпкер Илон Маск басқарады. Кейін xAI сот ісіне байланысты АҚШ үкіметінен қолдау алғаны да белгілі болды.
АҚШ билігі тарапынан жасанды интеллект құралдарының әскери операцияларда қолданылуы мен олардың қауіпсіздік жүйелеріне әсері жөніндегі пікірталас жалғасып жатыр.
Материал авторы