Ақбота-Нұр ашық көйлегімен жұртты тамсандырды
Әнші тыңдармандарына тосынсый жасап қуантты.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, актриса әрі әнші, КешYOU тобының бұрынғы солисі Ақбота-Нұр жаңа бейнесімен көпшіліктің назарын аударды. Өнер иесі ашық иықты қызыл көйлек киіп, жаңа әнін таныстырды.
Ақбота Сейтмағамбет әлеуметтік желідегі парақшасында жаңа образын көрсетті. Әншіге қынама қызыл көйлек ерекше жарасып, оның келбетін айқындай түскен. Ол жеңіл макияж жасап, шашын жайып қойған.
Өнер иесі нәзік әшекейлер тағып, сәнді образын толықтырды. Жарияланған кадрларда оның орындауындағы жаңа «Déjà Vu» әні де сүйемел ретінде берілген. Бұл композицияны Ақбота тыңдармандарына алғаш рет таныстырған.
Желі қолданушылары әншінің жаңа бейнесі мен шығармашылығына жылы пікір білдірді.
«Керемет көрінеді», «Бұл ән биылғы жылдың үздік тректерінің бірі болсын», «Ақбота сыртқы сұлулығымен ғана емес, жан дүниесімен де ерекше», «Әнді қайта-қайта тыңдағың келеді», – деп жазды оқырмандар.
Материал авторы