1725

Жұмыста құмар ойын ойнаған төрт шенеунік қызметінен босатылды

Түркістан облысында жұмыс уақытын ойынға арнағандар жұмыстан қуылды.

Жұмыста құмар ойын ойнаған төрт шенеунік қызметінен босатылды
Евгений Разумный / Ведомости / ТАСС

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Түркістан облысында жұмыс уақытында құмар ойын ойнаған төрт мемлекеттік қызметші қызметінен босатылды.

Түркістан облысы Сарыағаш ауданының прокуратурасы мемлекеттік органдардағы қызметкерлердің заң талаптарын, шектеулерді және қызметтік тәртіпті сақтауына тексеру жүргізген.

Тексеру барысында кейбір шенеуніктердің жұмыс уақытында бәс тігіп, құмар ойындарға қатысқаны анықталған.

Прокуратура өкілдерінің мәліметінше, мұндай әрекет мемлекеттік қызмет әдебіне қайшы келеді және билік органдарына деген сенімге нұқсан келтіреді.

Осы жағдайға байланысты аудан прокуратурасы қадағалау актісін енгізген. Құжатты қараған тиісті мекеме басшылары төрт қызметкерді атқарып жүрген лауазымынан босату туралы шешім қабылдаған.

Материал авторы