2423

Дариға Бадықова жаңа фильмі үшін көліктерді өртеп жатыр (ВИДЕО)

Дариға Бадықова жобаны қазақ кино индустриясы үшін үлкен қадам деп атады.

Дариға Бадықова жаңа фильмі үшін көліктерді өртеп жатыр (ВИДЕО)
instagram.com/dariga_badykova

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, продюсер, актриса Дариға Бадықова жаңа фильм түсірілімі барысында бірнеше автокөлікті әдейі қиратқанын мәлімдеді.

Жаңа туынды өрт сөндірушілердің жұмысына арналмақ. Фильм үшін екі жаңа көлік сатып алынған. Продюсердің айтуынша, түсірілімде шынайы әсер беру мақсатында бұл машиналар арнайы қиратылған.

Оның сөзінше, көліктер алдымен бүтін күйінде алынған, кейін кадр үшін апат көрінісін жасау мақсатында әдейі зақымдалған.

«Шынайы апат сияқты көрінуі үшін жасадық. Екі көлік сатып алдық, кейін соларды қираттық. Бұл — жоспарланған көрініс», – деді ол.

Сондай-ақ түсірілім барысында актерлер қауіпсіз қашықтықта тұрып, көліктің жарылу сәті арнайы техника арқылы түсірілгені айтылды.

Продюсер әлеуметтік желіде бұл жобаның ерекше маңызға ие екенін атап өтті:

«Көрерменге ұнамауы мүмкін емес. Арман орындалды. Ешкімге зиян келмей, қауіпсіз жағдайда түсірдік. Мұндай деңгейдегі киноны түсіру қазақ киносының да қолынан келеді. Голливуд бізге де келсін», – деп жазды ол.

Желі қолданушылары фильм түсірілімін қызу талқылап, авторға қолдау білдірді. Көпшілік жобаға қызығушылық танытып, түсірілімнің әсерлі кадрларына алаңдаушылық та білдірген.

Көрермендер пікірінде еңбектің бағалануы, жобаның сәтті шығуына тілек және фильмнің тезірек жарық көруін күту басым болды.

Материал авторы

Азиз Қалижан
Азиз Қалижан Редактор