Төтенше жағдай қаупі артады: 24 маусымға арналған ауа райы болжамы белгілі болды
Қазақстанның бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қазақстанның бірқатар өңірінде 24 маусымға байланысты дауылды ескерту жарияланды. Синоптиктер кей аймақтарда найзағай, қатты жел, бұршақ, шаңды дауыл және аптап ыстық болатынын хабарлады.
Жетісу облысында күндіз таулы аудандарда өткінші жаңбыр мен найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысып, кей жерлерде екпіні секундына 23-28 метрге дейін жетуі мүмкін. Күндіз ауа температурасы 35-38 градусқа дейін көтеріледі. Өңірдің бір бөлігінде жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады.
Атырау облысында кей аудандарда жаңбыр мен найзағай болжанады. Желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Облыс аумағында жоғары өрт қаупі сақталады.
Алматы облысы мен Алматы қаласында күндіз өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Кей жерлерде жел күшейіп, екпіні 15-20 метр секундқа жетеді. Өңірде жоғары өрт қаупі сақталады.
Маңғыстау облысында жаңбыр, найзағай және шаңды дауыл болуы мүмкін. Желдің екпіні секундына 20 метрге дейін күшейеді. Ақтау қаласында да жоғары өрт қаупі сақталады.
Павлодар облысында жаңбыр, найзағай, бұршақ және дауыл күтіледі. Кей жерлерде жел екпіні 28 метр секундқа дейін жетеді. Күндіз ауа температурасы 35-36 градус болады.
Ұлытау және Қарағанды облыстарында да найзағай, бұршақ, дауыл болжанады. Кей аудандарда жел күшейіп, өрт қаупі жоғары деңгейде сақталады.
Солтүстік Қазақстан облысында ауа райы күрделі болады: жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл және шаңды дауыл күтіледі. Желдің жылдамдығы кей уақытта секундына 28 метрге жетуі мүмкін.
Астанада да дауылды ескерту жарияланды. Елордада жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ пен дауыл болуы ықтимал. Жел екпіні 15-20 метр секундқа дейін күшейеді.
Абай облысында күндіз жаңбыр, найзағай, бұршақ және дауыл күтіледі. Кей аудандарда шаңды дауыл болуы мүмкін. Сонымен қатар ауа температурасы 35-37 градусқа дейін көтеріледі.
Қостанай, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Жамбыл және Түркістан облыстарында да қолайсыз ауа райы күтіледі. Бұл өңірлерде жел күшейіп, кей жерлерде жаңбыр, найзағай және дауыл болуы мүмкін.
Синоптиктер тұрғындарға қатты жел кезінде қауіпсіздік шараларын сақтап, өрт қаупі жоғары аймақтарда абай болуды ескертті.
Материал авторы