1689

Доллар мен еуро қанша теңге? 24 маусымдағы айырбас бағамдары жарияланды

Қазақстанның ірі қалаларында доллар, еуро және рубль әртүрлі бағамен сатылып жатыр.

Доллар мен еуро қанша теңге? 24 маусымдағы айырбас бағамдары жарияланды
shutterstock.com

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, 24 маусымдағы жағдай бойынша Қазақстанның ірі қалаларындағы айырбастау орындарында шетел валютасының бағамы белгілі болды.

Астанадағы айырбастау орындарында долларды сатып алу бағасы орта есеппен 483 теңгені құраса, сату құны 489,97 теңгеге жетті.

Еуроның сатып алу бағасы 553,04 теңге, ал сату бағасы 563,01 теңге деңгейінде болды. Ресей рублі 6,17-6,47 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Алматыдағы айырбастау орындарында доллар 486,21 теңгеден сатып алынып, 488,12 теңгеден сатылуда. Еуроның сатып алу бағасы 554,67 теңге, сатылымы 560,08 теңге болды. Рубль 6,22-6,36 теңге аралығында белгіленді.

Шымкентте доллардың сатып алу бағасы 486,79 теңге, сату бағасы 488,79 теңге болды. Еуро 554,46 теңгеден сатып алынып, 560,43 теңгеден сатылуда. Рубльдің бағасы 6,24-6,34 теңге аралығында.

Ұлттық банктің ресми бағамы бойынша, 24 маусымда 1 АҚШ доллары – 486,19 теңге, 1 еуро – 554,26 теңге, 1 ресей рублі – 6,51 теңге болды.

Материал авторы