Қазақстанда химия өнеркәсібі қалай дамып жатыр

10.05.2023, 19:11
1532
Қазақстанда химия өнеркәсібі қалай дамып жатыр smartnews.kz

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев Қазақстандағы химия өнеркәсібінің қазіргі жағдайы туралы пікір білдірді, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Ведомство басшысының айтуынша, агрохимияға көп көңіл бөлініп отыр.

«Химия – айрықша назар аударуға тұрарлық бағыт. Агрохимияға үлкен назар аударылады. Өздеріңіз жақсы білесіздер, бізде базалық агрохимиялық өнім бар, яғни аммофос, сары фосфор Қазақстанда өндіріледі, оны «Қазфосфат» зауыты шығарады. Қазақстан өз қажеттілігін толық жабады және экспортқа да шығады. Маңғыстау облысында қуаты 400 мың тоннаға жететін «ҚазАзот» азот тыңайтқыштарын өндіреді. Бізде агрохимия саласын екі немесе үш емес, 10 есе арттыруға мүмкіндік бар», - деді министр Астанада Ondeu Expo индустриялық көрмесінде тілшілерге берген сұхбатында.

М. Қарабаевтың айтуынша, бұл үшін бірқатар ірі жобалар жүзеге асырылуда.

«Батыс Қазақстан облысында калий кен орындары бар. Мұнда негізгі агрохимиялық өнімдермен тоқтап қалмау керек. Күрделі минералды тыңайтқыштарға көшу керек. Ол үшін Жамбыл облысында «ЕуроХим» және «Қазфосфат» компанияларының қатысуымен екі ірі жоба жүзеге асып жатыр. Олар өз қуатын бірнеше есе арттыруды жоспарлап отыр», - деді Марат Қарабаев.

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды