982

Түнде Жайықта екі қайық соқтығысып, 2 адам жарақат алды

Түнгі уақытта болған оқиғадан кейін екі жолаушы түрлі деңгейдегі жарақатпен ауруханаға жеткізілді.

Түнде Жайықта екі қайық соқтығысып, 2 адам жарақат алды
бейнежазбадан

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Атырау облысында Жайық өзенінде екі қайық соқтығысып, салдарынан екі адам жарақат алды. Қазір оқиғаға қатысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Атырау облысы полиция департаментінің мәліметінше, оқиға 22 маусым күні сағат 23:35 шамасында болған. Алдын ала ақпарат бойынша, өзенде MAN-0468 және Dolphin ATR-0787 қайықтары соқтығысқан.

Апат салдарынан Dolphin ATR-0787 қайығында болған екі жолаушы түрлі деңгейде жарақат алған. Зардап шеккендер облыстық ауруханаға жеткізілген.

Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр. Тергеу барысында қайықтардың не себепті соқтығысқаны және оған кімнің кінәлі екені анықталады.

Полиция азаматтарға су көлігін пайдалану кезінде қауіпсіздік талаптарын сақтауға шақырды. Әсіресе қараңғы уақытта өзенде қозғалыс кезінде барынша сақ болған жөн.

Материал авторы

Азиз Қалижан
Азиз Қалижан Редактор