2526

«Қараның сұлуымын»: Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі сын айтқандарға жауап берді

Саған Тұрсынбек қалай қараған деп сын айтқандарға жауап қайтарды.

«Қараның сұлуымын»: Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі сын айтқандарға жауап берді
instagram.com/t_a_d_d_s_

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі Айман Талғатқызы әлеуметтік желідегі жазбасында өзін сырт келбетіне байланысты сынағандарға жауап берді.

Ол Меккеге сапары кезінде танысқан құрбысы туралы әсерлі оқиғамен бөлісіп, адамды сыртқы бейнесіне қарап бағаламауға шақырды.

«Қасиетті мекеннен, Қағбаның үстінен, Әл-Харам мешітінің күмбезінің жанынан. Сол жерде танысқан, үш күн қатарынан миллиондаған адамның арасынан қайта-қайта кездескен құрбыммен естелік фото», – деп жазды Айман Талғатқызы.

Оның айтуынша, жаңа танысқан адамы алты айлық сәбиін көршісіне қалдырып, қарт анасын ертіп Меккеге келген. Егде жастағы әйелдің бұл сапарды көптен бері армандағанын айтқан Айман оған өз қолындағы білезігін естелік ретінде сыйлағанын жеткізді.

Жазбасында ол адамдарды дінге, ұлтқа, тілге немесе сыртқы ерекшелігіне қарап бөлмеу керектігін атап өтті.

«Алла ешқашан өзі жаратқан адамзатты дінге, тілге, ұлтқа, ақ пен қараға бөлмеген. Жаратқан – бір Алла. Баратын жеріміз де сол бір Алланың алды. Тас қара, қап қара деп асылық танытып, күнәға батпаңыздар. Қаралар да адам. Ұлт бар. Жаратылыс бар. Қараның сұлуы екеніме еш кінәм жоқ», – деп жазды ол.

Айман Талғатқызының бұл жазбасынан кейін оқырмандары оның сыртқы келбетіне қатысты жағымсыз пікір жазғандарға қарсы шықты.

Кейбір қолданушылар бұған дейінгі «қап-қарасың» және «саған Тұрсынбек қалай қараған» деген сияқты пікірлерді орынсыз деп сынап, оны қолдады.

Материал авторы

Азиз Қалижан
Азиз Қалижан Редактор