2899

Қорғас тасжолындағы жол апатынан үш адам қаза тапты

Қарсы жолаққа шыққан көлік үш адамның өмірін қиды.

Қорғас тасжолындағы жол апатынан үш адам қаза тапты
instagram.com/police_almobl

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Алматы облысында адам өлімімен аяқталған жол апаты болды. Оқиға салдарынан үш адам қаза тауып, жеңіл көлік жүргізушісі қамауға алынды.

Алдын ала мәлімет бойынша, жол апаты 23 маусымда Алматы – Шелек – Қорғас автожолының 132-шақырымында болған.

Алматы облысы полиция департаментінің мәліметінше, Haval маркалы көліктің жүргізушісі қарсы бағыттағы жолаққа шығып кетіп, Audi 100 көлігімен соқтығысқан.

«Алдын ала деректерге сәйкес, Haval көлігінің жүргізушісі қарсы қозғалыс жолағына шығып, Audi 100 автокөлігімен соқтығысқан. Апат салдарынан Audi көлігінің жүргізушісі мен екі жолаушысы алған жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болды», – деп хабарлады полиция өкілдері.

Аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп, жол апатына себеп болған жағдайлар анықталып жатыр.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, күдікті жүргізуші қамауға алынған. Тергеу барысы Алматы облысы полиция департаменті басшылығының бақылауына алынған.

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор