844

25 маусымда ауа райы күрт өзгереді: аймақтарда жаңбыр, бұршақ және қатты жел күтіледі

Қазақстанның бірнеше өңірінде дауылды ескерту жарияланды.

25 маусымда ауа райы күрт өзгереді: аймақтарда жаңбыр, бұршақ және қатты жел күтіледі
Алексей Белкин/NEWS.ru

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша,  25 маусымда Қазақстанның бірқатар облысында ауа райы күрт құбылады. Синоптиктер жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл және қатты жел болатынын ескертіп, кей аймақтарда жоғары өрт қаупі сақталатынын хабарлады.

Астанада таңертең және күндіз жаңбыр, найзағай, бұршақ пен дауыл күтіледі. Батыстан және оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетуі мүмкін. Қалада жоғары өрт қаупі сақталады.

Қарағанды облысында жаңбыр, найзағай, бұршақ және дауыл болжанады. Кей жерлерде қатты жаңбыр жауады. Желдің екпіні секундына 23 метрге дейін күшейеді. Қарағанды қаласында да таңертең және күндіз қолайсыз ауа райы күтіледі.

Ұлытау облысында жаңбыр мен найзағай болып, күндіз бұршақ пен дауыл болуы мүмкін. Өңірде жоғары, ал кей аумақтарда төтенше өрт қаупі сақталады.

Жетісу және Алматы облыстарында да өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Алакөл маңында желдің жылдамдығы секундына 20 метрге дейін жетуі мүмкін. Күндіз ауа температурасы 35-38 градусқа дейін көтеріледі.

Шығыс Қазақстан, Абай және Солтүстік Қазақстан облыстарында ауа райы ерекше құбылады. Бұл өңірлерде қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл болжанып отыр. Кей жерлерде желдің екпіні секундына 28 метрге дейін жетуі мүмкін.

Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Павлодар, Қостанай, Атырау, Маңғыстау және Түркістан облыстарында да найзағайлы жаңбыр күтіледі. Кей өңірлерде жел күшейіп, жоғары өрт қаупі сақталады.

Синоптиктер тұрғындарды ауа райының күрт өзгеруіне дайын болуға, дауыл кезінде қауіпсіздік талаптарын сақтауға шақырды.

Материал авторы