Доллар 490 теңгеге жақындады: айырбастау орындарындағы валюта бағамы белгілі болды
Ұлттық валютаның шетел ақшасына шаққандағы бағамы ірі қалалардағы айырбастау орындарында әртүрлі болып отыр.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қазақстанның ірі қалаларындағы айырбастау орындарында 25 маусымға арналған шетел валютасының бағамы белгілі болды. Астана, Алматы және Шымкент қалаларындағы доллар, еуро және рубльдің сатып алу-сату құны жарияланды.
Астанада айырбастау орындарында долларды сатып алу бағамы орта есеппен 483 теңге, сату бағамы 489,99 теңге болды. Еуро 550 теңгеден сатып алынып, 560 теңгеден сатылып жатыр. Ал рубль бағамы 6,17-6,47 теңге аралығында қалыптасты.
Алматыда доллардың сатып алу құны 485,75 теңге, сату бағамы 487,98 теңгені құрады. Еуро 551,06 теңгеден қабылданып, 556,69 теңгеден ұсынылды. Рубль 6,15-6,31 теңге аралығында саудаланды.
Шымкенттегі айырбастау орындарында долларды сатып алу бағамы 486,33 теңге, сату бағамы 488,33 теңге болды. Еуро 552,19 теңгеден сатып алынып, 558,27 теңгеден сатылды. Рубльдің бағасы 6,21-6,29 теңге шамасында белгіленді.
Ұлттық банктің ресми бағамы бойынша, 25 маусымда 1 АҚШ доллары – 487,02 теңге, 1 еуро – 552,23 теңге, 1 рубль – 6,51 теңге болып бекітілді.
Материал авторы