1644

Трамп Ирандағы мектепке жасалған соққыға АҚШ жауапты емес деп ақталды

Минабтағы мектепте 168 адам қаза тапқан еді.

Трамп Ирандағы мектепке жасалған соққыға АҚШ жауапты емес деп ақталды
AP Photo / Julia Nikhinson

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, АҚШ президенті Дональд Трамп Иранның Минаб қаласындағы мектепке жасалған зымыран соққысына америкалық әскердің қатысы жоқ екенін мәлімдеді. Ол шабуыл кезінде көптеген зымыран ұшқанын айтып, нақты кінәлі тарапты анықтау қиын болуы мүмкін екенін жеткізді. Бұл туралы Reuters агенттігі жеткізді.

«Бұл біз болдық деп ойламаймын. Біздің тараптан болды деп те ойламаймын. Ол кезде көптеген зымыран ұшып жатты», – деді Трамп НАТО бас хатшысы Марк Рюттемен кездесу кезінде журналистердің сұрағына жауап бере отырып.

АҚШ президенті Минабтағы «Шаджаре Тайебе» қыздар мектебіне жасалған шабуылға қатысты АҚШ-ты айыптауға негіз болатын нақты дерек көрмегенін айтты. Оның сөзінше, сол сәтте зымырандар әртүрлі бағыттан атылған.

Оқиға АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы бірлескен әскери операциясы басталған алғашқы күні — 28 ақпанда болған. Иран тарапының мәліметінше, мектепке жасалған шабуылдан , қаза тапқан.

Бұған дейін наурыз айында The New York Times басылымы америкалық дереккөздерге сілтеме жасап, алдын ала тергеу нәтижесінде соққыға АҚШ әскері жауапты болуы мүмкін екенін жазған. Басылым мәліметінше, әскери қызметкерлер мектепті әскери нысанның бір бөлігі деп көрсеткен ескі барлау деректеріне сүйенген.

Қазір бұл шабуылға қатысты тараптардың мәлімдемелері бір-біріне қайшы келіп отыр. АҚШ билігі жауапкершілікті мойындамаса, Иран тарапы соққының салдарын әскери операциямен байланыстырады.

Материал авторы