Адам зорлаған қылмыскер колониядан қашып кеткен
Әлеуметтік желіде іздеу жарияланған сотталған көп ұзамай қолға түсті.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Абай облысында зорлау қылмысы үшін сотталған ер адам уақытша ұстау изоляторынан қашып кеткен. Әлеуметтік желіде тараған іздеу туралы ақпараттан кейін оның ұсталғаны белгілі болды.
Полиция мәліметінше, 1994 жылы туған Талғат Шәкеновке іздеу жарияланған. Ол Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 120-бабы 1-бөлігі («Зорлау») бойынша жазасын өтеп жатқан.
22 маусым күні сағат 17:00 шамасында полицияға сотталған адамның қашып кеткені туралы хабар түскен. Оны іздеуге полиция қызметкерлері, сондай-ақ теміржол және автовокзалдар, әуежайлар, шекара бекеттері, қонақүйлер, базарлар мен такси қызметтері бағытталған.
Құқық қорғау органдары азаматтардан ер адамның жүрген жері туралы ақпарат болса, Аягөз аудандық полиция бөліміне немесе 102 нөміріне хабарлауды сұраған.

Сурет: Письмо Президенту
Абай облысының полиция департаменті таратқан мәліметке сәйкес, ер адам 2021 жылы шартты жаза алған. Алайда биыл маусым айында бірнеше рет тәртіп бұзғаны үшін оның жазасы бас бостандығынан айыруға ауыстырылған.
Алдын ала мәлімет бойынша, ол серуендеу кезінде изолятор аумағын өз бетінше тастап кеткен. Көп ұзамай ұсталып, қайтадан уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Оқиғаға байланысты қызметтік тексеріс тағайындалды.
Материал авторы