1095

19 жастағы жігіт кішкентай қызды зорлағаны үшін өмір бойына сотталды

Резонанс тудырған іс бойынша тергеу материалдары мен сот шешімінің мән-жайы белгілі болды.

19 жастағы жігіт кішкентай қызды зорлағаны үшін өмір бойына сотталды
Alamy Stock Photo

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қазақстанда аса ауыр қылмыс жасағаны үшін өмір бойына сотталған ең жас азаматтардың бірі 20 жаста ғана. Бұл туралы атышулы істі қарауға қатысқан қазақстандық адвокат мәлімдеді.

Адвокаттың айтуынша, бұған дейін Қазақстанда өмір бойына сотталған ең жас азамат 27 жаста болған. Енді бұл көрсеткіш 20 жасқа дейін төмендеді. Ал қазіргі таңда өмір бойына сотталған ең егде адам 76 жаста, ол 27 жылдан астам уақытын түрмеде өткізген.

Адвокат сөз еткен резонансты іс кәмелетке толмаған қызға қатысты жыныстық қолсұғылмаушылыққа қарсы қылмысқа байланысты болған. Іс бойынша екі жас жігіт жауапқа тартылған.

Шамшекованың айтуынша, қылмыс кезінде олардың біреуі 17 жаста, екіншісі 19 жаста болған. Тергеу материалдарына сәйкес, алғашқы күдікті қыздың дәрменсіз жағдайын пайдаланып, кейін танысын да осы іске тартқан. Екінші азамат қыз қарсылық көрсеткеннен кейін күш қолданған. Сараптама өлімнің тұншығу салдарынан болғанын анықтаған.

Сот процесі кезінде екі айыпталушы да бастапқы берген жауаптарынан бас тартып, полиция тарапынан қысым болғанын айтқан. Алайда сот бұл мәлімдемелерді тексеріп, оларды растайтын дәлелдер таппаған.

Іс бойынша негізгі дәлелдердің бірі ДНҚ сараптамасы болды. Мамандар жәбірленушінің киімінен екі ер адамның да генетикалық іздерін анықтаған. Адвокаттың айтуынша, сараптама нәтижелеріндегі сәйкестік ықтималдығы өте төмен болғандықтан, қателесу мүмкіндігі жоққа шығарылған.

Нәтижесінде 19 жастағы айыпталушы екі бап бойынша кінәлі деп танылып, өмір бойына бас бостандығынан айырылды. Ал қылмыс жасаған кезде 17 жаста болған екінші күдікті 10 жылға сотталды.

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор