«Қартаюды ұмытып кеткен»: Қайрат Нұртас үйдегі биімен желіні таңғалдырды
Қайрат Нұртасқа жазылған пікірлердің басым бөлігі қолдау мен әзілге толы болды.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, танымал әнші Қайрат Нұртас үй жағдайында билеп жүрген видеосын жариялады. Өнер иесінің көңілді қимылдары әлеуметтік желідегі оқырмандарына жақсы көңіл күй сыйлаған.
«Алматының түндері-ай» әнімен көпшілікке танылған Қайрат Нұртас соңғы уақытта жанкүйерлерімен түрлі бейнелер арқылы байланысып жүр. Бұл жолы әнші үйде түсірілген көңілді видеосын бөлісті.
Кадрларда орындаушы еркін атмосферада билеп, өзіне тән энергиясын көрсеткен. Желі қолданушылары әншінің бұл қылығын жылы қабылдап, жазбаға 90 мыңнан астам «лайк» басқан.
Жанкүйерлері Қайрат Нұртасқа түрлі пікір қалдырып, оның сахнадағыдай ерекше стилін атап өткен.
«Қайратқа бәрі жарасады, ол — аңыз», «Оның биі де ерекше», «Жылдар өтіп жатыр, бірақ Қайрат керісінше жасарып бара жатқандай» деген пікірлер жазылған.
Кейбір оқырмандар әншінің белсенділігіне таңғалып, әзілмен оның «қартаюды ұмытып кеткенін» айтқан.
Материал авторы