2728

«Кредитім бар»: Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі өз шындығын жайып салды

Айман Талғатқызы оқырмандарына ой салды.

«Кредитім бар»: Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі өз шындығын жайып салды
instagram.com/t_a_d_d_s_

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, белгілі әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі Айман Талғатқызы әлеуметтік желіде оқырмандарына үндеу жасап, өмірдегі қиындықтарға көзқарасын айтты.

Ол жазбасында қаржылық мәселелер, қарыз бен несие көп адамның басынан өтетін жағдай екенін атап өтті. Айман Талғатқызы өзі де мұндай қиындықтардан тыс емес екенін жеткізген.

«Қыздар, сізде бар қарыз, кредит менде де бар. Себебі бұл — өмір-тіршілік емес пе. Бірақ уақыт онымен тоқтап қалмайды. Болса, бәрібір төлейсің», — деп жазды ол.

Оның айтуынша, қиын кезеңдерде адам мәселені үлкейтіп, күйзеліске түсіп, айналасына ауырлық әкелмеуі керек. Ең бастысы — сабыр сақтап, жағдайды байыппен шешуге тырысу.

Айман Талғатқызы адамдар кейде қиындыққа тап болғанда өзгеден көмек сұрауға асығатынын айтып, адамның ішкі сенімі мен төзімі маңызды екенін жеткізді.

«Болмашы өткінші дүниеге денсаулығыңды беріп қажеті жоқ. Жаныңызға шуақ шашып үйреніңіз. Сабырлы болыңыз», — деді ол.

Сондай-ақ ол күнделікті өмірде жақсы ой қалыптастырудың маңызын атап өтіп, қиын сәттерде рухани күш табуға шақырды.

«Күніңізді берекелі ету үшін ақша емес, сіздің миыңыздағы настрой мен кең пейіліңіз ғана қажет», — деп жазды Айман Талғатқызы.

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор