953

Ресейдегі вахталық жұмысқа кетіп, өлі күйінде табылған шымкенттік туралы тың деректер белгілі болды

Бірнеше апта ішінде жетім қалған балалардың ауыр тағдыры жұртты алаңдатты.

Ресейдегі вахталық жұмысқа кетіп, өлі күйінде табылған шымкенттік туралы тың деректер белгілі болды
әлеуметтік желіден

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Шымкенттік отбасы ауыр қазаға тап болды. Бірнеше апта ішінде балалар анасынан да, әкесінен де айырылып, қиын жағдайға түсті. 

Отбасының қайғысы анасының ұзақ уақыт бойы онкологиялық аурумен күрескеннен кейін өмірден өтуінен басталған. Алайда көп ұзамай отбасы тағы бір ауыр соққыға тап болды.

Марқұм әйелдің күйеуі, 45 жастағы Евгений Татаринцев балаларын қамтамасыз ету мақсатында Ресейге вахталық жұмысқа кеткен. Ол табыс тауып, отбасына көмектесуді жоспарлағанымен, үйіне орала алмады.

Бұған дейін ер адамның 8 маусымда Шымкенттен Ақтөбе бағытына жолға шыққаны, кейін Ресейге өтуді жоспарлағаны хабарланған еді. Туыстарының айтуынша, автобус жүргізушісі оны Орынбор облысындағы Сорочинск қаласы маңындағы қонақүй жанында түсіріп кеткен.

Осыдан кейін Евгениймен байланыс үзілген. Үш аптаға жуық уақыт бойы туыстары, еріктілер және жанашыр азаматтар оны іздеді. Алайда іздеу жұмыстары қайғылы аяқталып, ер адамның қайтыс болғаны анықталды.

Енді оның балалары өміріндегі ең ауыр кезеңдердің бірін бастан өткеріп жатыр. Анасының қазасынан кейін әкесінен де айырылған балалар ата-анасыз қалды.

Қайғының үстіне отбасы тағы бір мәселеге тап болды. Марқұмның денесін Ресейден Қазақстанға жеткізу қажет. Алдын ала мәлімет бойынша, репатриация шығыны шамамен 1,6 миллион теңгені құрайды. Бұл қаражат ата-анасынан айырылған балалар үшін тым ауыр жүк болып отыр.

Материал авторы

Азиз Қалижан
Азиз Қалижан Редактор