Нұрлан Сабуров Ресейдегі мүлкін сатуға кірісті – Ресейлік БАҚ
Нұрлан Сабуровтың Ресейдегі байлығы азайып жатыр деген ақпарат тарады.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, стендап-комик Нұрлан Сабуров Ресейдегі элиталы Cadillac Escalade көлігін сатты деген ақпарат тарады. БАҚ мәліметінше, көлік 10 миллион рубльге сатылған, ал мәмілені рәсімдеуге әзілкештің жұбайы Диана Сабурова қатысқан. Бұл туралы ресейлік SHOT Telegram-арнасы жазды.
Ақпаратқа сәйкес, Cadillac Escalade наурыз айында сатылған. Мәміле толық аяқталғанға дейін Диана Сабурова Ресейде болған, кейін Қазақстанға ұшып кеткен.
Сонымен қатар дереккөздің мәліметінше, Нұрлан Сабуровтың Ресейде әлі де жылжымайтын мүлкі бар. Оның ішінде Мәскеу облысының Истра ауданындағы коттедж қалашығында орналасқан, аумағы 1285 шаршы метр болатын жер телімі бар үй аталады. Бұл мүліктің бағасы шамамен 115 миллион рубль болуы мүмкін.
Бұған дейін ресейлік БАҚ Сабуровқа тиесілі компанияның Федералдық салық қызметі алдындағы қарызын жапқанын хабарлаған.
Материал авторы