3591

Астанада Атырау көпірінен секірген әйелді құтқарушылар аман алып қалды

Кездейсоқ жанынан табылған спортшылардың көмегі әйелді өлімнен сақтап қалды.

Астанада Атырау көпірінен секірген әйелді құтқарушылар аман алып қалды
бейнежазбадан

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Астанада Атырау көпірі маңында Есіл өзеніне түскен әйелді құтқарушылар аман алып қалды. Оқиға бойынша тиісті қызметтер жұмыс істеп жатыр.

112 қызметіне өзенде әйелдің батып бара жатқаны туралы хабар түскен. Ақпарат түскен бойда жағалауда орналасқан құтқару бөлімінің мамандары жедел қайықпен оқиға орнына аттанған.

Құтқарушылар шамамен екі шақырым қашықтықты бір минутқа жуық уақытта жүріп өтіп, төтенше жағдай болған жерге жеткен.

Оқиға кезінде көпір маңындағы суда байдарка спорты қауымдастығының мүшелері болған. Олар әйелге алғашқы көмек көрсетіп, мамандар келгенше оны су бетінде ұстап тұрған.

Құтқарушылар 1991 жылы туған әйелді жағаға шығарып, жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырған.

Қазіргі уақытта оқиғаның нақты себептері анықталып жатыр.

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор