1867

Валюта нарығындағы жағдай: рубль, доллар және еуро бағамы жарияланды

Қазақстанның ірі қалаларындағы айырбастау орындарында доллар мен еуро бағамы әртүрлі деңгейде қалыптасты.

Валюта нарығындағы жағдай: рубль, доллар және еуро бағамы жарияланды
REUTERS / Mohamed Abd El Ghany

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, 27 маусымдағы жағдай бойынша Астана, Алматы және Шымкент қалаларындағы айырбастау орындарында доллар, еуро және рубльдің сатып алу-сату бағалары жарияланды.

Kurs.kz деректеріне сәйкес, Астанадағы айырбастау орындарында доллардың орташа сатып алу бағасы 482,99 теңге, ал сату бағасы 489,94 теңге болды.

Еуро бағамы елордада сатып алуда 550 теңге, сатуда 559,99 теңге деңгейінде қалыптасты. Ал ресей рублі 5,90-6,30 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Алматыдағы айырбастау орындарында долларды сатып алу бағасы 485,86 теңге, сату бағасы 487,96 теңге болды. Еуро 553,50 теңгеден сатып алынып, 558,99 теңгеден сатылуда. Рубльдің бағасы 6-6,12 теңге аралығында.

Шымкентте доллардың сатып алу бағасы 486,28 теңге, сату бағасы 488,33 теңгені құрады. Еуро 550,67-555,26 теңге аралығында саудаланып жатыр. Ал рубль 5,88-6,07 теңге деңгейінде белгіленген.

Қазақстандағы ресми валюта бағамы бойынша 1 доллар — 486,47 теңге, 1 еуро — 554,77 теңге, ал 1 рубль — 6,26 теңге.

Айырбастау орындарындағы нақты баға қалаға және қаржы ұйымының ішкі саясатына байланысты өзгеруі мүмкін.

Материал авторы