Алматы – Өскемен тасжолындағы жантүршігерлік апаттан бес адам қаза тапты
Жол апатынан екі көлік жүргізушісі мен үш жолаушы оқиға орнында көз жұмған.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Алматы – Өскемен тасжолында болған ауыр жол апатынан бес адам қаза тапты.
Жол-көлік оқиғасы 26 маусым күні кешке Алматы – Өскемен бағытындағы тасжолдың 432-шақырымында болған. Екі көлік соқтығысып, салдарынан екі жүргізуші мен үш жолаушы оқиға орнында көз жұмған.
Жетісу облысы полиция департаментінің мәліметінше, тағы екі жолаушы түрлі жарақатпен медициналық мекемеге жеткізілген.
«Апат салдарынан оқиға орнында екі көлік жүргізушісі мен үш жолаушы қайтыс болды. Тағы екі жолаушы әртүрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазір оқиғаның барлық мән-жайы мен себептері анықталып жатыр», – деп хабарлады полиция.
Апат болған жерден түсірілген кадрлар әлеуметтік желілерде тарады. Құқық қорғау органдары жол апатына не себеп болғанын анықтау үшін қажетті тергеу әрекеттерін жүргізуде.
Материал авторы