4002

Астанада жолаушылар отырған автобус өртеніп кетті

Жолаушылар құтқарушылар келгенге дейін автобустан өздері шығып үлгерген.

Астанада жолаушылар отырған автобус өртеніп кетті
t.me/astanovka98

Астананың Есіл ауданында жолаушылар мінген маршруттық автобус өртеніп, көлік қозғалысында төтенше жағдай болды.

Оқиға Әл-Фараби даңғылында болған. Автобустың қозғалтқыш бөлігінен өрт шыққаны туралы ақпарат түскеннен кейін оқиға орнына Төтенше жағдайлар министрлігі мен апат медицинасы қызметінің мамандары жіберілді.

Құтқарушылар келген кезде автобустың мотор бөлігі ашық жалынмен жанып жатқан. Алайда жолаушылар өрт сөндірушілер жеткенге дейін көліктен өздігінен шығып үлгерген.

«Өрт сөндірушілердің жедел әрекетінің арқасында жалын қысқа уақытта сөндірілді. Оттың автобустың басқа бөлігіне тарауына жол берілмеді», – деп хабарлады ведомство.

Алдын ала мәлімет бойынша, оқиға салдарынан ешкім зардап шекпеген. Қазір өрттің нақты шығу себебі анықталып жатыр.

Материал авторы