"20 млн теңге алды": Бұрынғы шенеунік алаяқтық жасады деген күдікке ілінді
Жер алып беремін деп уәде берген экс-маман кәсіпкерлерді алдап соққан.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Алматы облысы Кеген ауданында бұрын мемлекеттік қызмет атқарған азаматқа қатысты алаяқтық дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Прокуратура мәліметінше, Кеген аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің бұрынғы бас маманы кәсіпкерлермен арадағы сенімді қарым-қатынасын пайдаланып, қызметтік жағдайына сілтеме жасаған.
Тергеу нұсқасына сәйкес, ол кәсіпкерлерге мемлекеттен жер телімдерін алуға көмектесуге уәде берген. Осы арқылы күдікті бизнес өкілдерінің жалпы сомасы 20 миллион теңгеден асатын қаражатын иемденген болуы мүмкін.
Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Құқық қорғау органдары оқиғаның барлық мән-жайын анықтап, күдіктінің әрекетіне құқықтық баға бермек.
Материал авторы