Венесуэлада жер сілкінісінен үш күн өткен соң үйінді астынан 11 жастағы бала тірі табылды
Құтқару тобы үш метр тереңдікте қалған баланы бірнеше сағаттық жұмыстан кейін тапты.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Венесуэланың Ла-Гуайра аймағында құтқарушылар жойқын жер сілкінісінен кейін үш күн өткен соң үйінді астында қалған 11 жастағы баланы тірі күйінде алып шықты.
Венесуэла билігінің мәліметінше, бала Карабалледа қаласында құлаған ғимараттардың қирандыларының астынан табылған. Құтқару жұмыстары түнгі уақытта прожекторлар мен шамдардың жарығымен жүргізілген.
Жарияланған кадрларда арнайы киім киген құтқарушылар баланы үйінділер арасынан абайлап шығарып, зембілге жатқызғаны көрсетілген.
Венесуэланың уақытша президенті Дельси Родригес оқиғаға қатысты пікір білдіріп, әрбір аман қалған адамның ел үшін үміт екенін айтты.
«Жақында Карабалледада 11 жастағы бала тірі күйінде құтқарылды. Қазіргі таңда әрбір өмір – Венесуэла үшін үміт», – деді Родригес.
Сол күні Ла-Гуайра аймағында тағы бір 11 жастағы бала Моисес те үйінді астынан шығарылған. Құтқарушылар оған жету үшін шамамен алты сағат бойы жұмыс істеген.
Маманның айтуынша, бала шамамен үш метр тереңдікте қалған. Құтқару тобы ұзақ операциядан кейін оны қауіпсіз жерге жеткізген.
«Моисес тірі құтқарылды және қауіпсіз жерде. Алты сағатқа созылған күрделі жұмыстан кейін құтқарушылар балаға жетіп, оны шығарды», – деп хабарлады операцияға қатысушылар.
Материал авторы