2138

«Бірнеше аптадан бері хабар жоқ»: Ресейде үш қазақстандық жоғалып кетті

Екатеринбургтен Қазақстанға шығамыз деген отбасы із-түзсіз жоғалды.

«Бірнеше аптадан бері хабар жоқ»: Ресейде үш қазақстандық жоғалып кетті
Instagram / rozysk_kz

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ресей аумағында үш Қазақстан азаматы жоғалып, олармен байланыс үзілген. Туыстары бірнеше аптадан бері жақындарынан хабар ала алмай, олардың қайда екенін анықтауға тырысып жатыр.

Әлеуметтік желілерде тараған ақпаратқа сәйкес, жоғалған азаматтардың қатарында 51 жастағы әйел мен оның 23 жастағы ұлы бар. Олар соңғы сегіз жыл бойы Ресейдің Екатеринбург қаласында тұрған.

Жақындарының айтуынша, мамыр айының соңында отбасы белгісіз себеппен шұғыл түрде Қазақстанға шығуға шешім қабылдаған. Алайда содан кейін олардың телефондары өшіп, байланысқа шықпай қойған.

Іздеу туралы ақпарат жариялаған rozysk_kz парақшасында отбасының Ресей аумағында болуы мүмкін деген болжам айтылған. Кей мәлімет бойынша, олар Қазақстанға қайтар жолдағы транзиттік аймақ саналатын Қорған облысында ұсталған немесе көші-қон қызметінің бақылауына түскен болуы ықтимал.

Алайда бұл ақпарат әзірге ресми түрде расталмаған. Туыстары ресейлік тиісті органдардан нақты жауап күтіп отыр. Қазіргі уақытта жоғалған қазақстандықтардың нақты орналасқан жері белгісіз.

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор