Ер адам 5 айлық сәбиінің аузына шұлық тығып өлтірді
Бала бірнеше күн дәрігерлер бақылауында болғанымен, оның өмірін сақтап қалу мүмкін болмады.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Өзбекстанның Науаи облысында 5 айлық сәбиінің өліміне себеп болған ер адам сотталды. Тергеу дерегінше, ол жылаған баланы тыныштандыра алмаған соң ауыр әрекетке барған. Бұл туралы жергілікті ақпарат құралдары хабарлады.
Іс материалдарына сәйкес, ер адам екінші әйелінен туған кішкентай ұлына қатысты зорлық жасаған. Соның салдарынан сәби ауыр жарақат алып, Хатырчы ауданындағы аурухананың жансақтау бөліміне жеткізілген.
Дәрігерлер баланың өмірі үшін бес күн бойы күрескенімен, оны аман алып қала алмады.
Қайғылы жағдайдан кейін ер адам қалыпты өмірін жалғастырған. Ол тіпті махалла есебінде тұрғаны да анықталған.
Сот істі қарап, ер адамды кінәлі деп таныды. Нәтижесінде оған 15 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Материал авторы