1327

17 жастағы қызды турист жігіт өлтіріп, денесін чемоданға салып лақтырып кеткен

Полиция мәліметінше, күдікті жасөспіріммен қонақүйге барғаннан кейін оның өліміне себеп болғанын мойындаған.

17 жастағы қызды турист жігіт өлтіріп, денесін чемоданға салып лақтырып кеткен
Pattaya City Police

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Таиландтың Паттайя қаласында 17 жастағы жасөспірім қыздың өліміне қатысты тергеу жүріп жатыр. Қыздың денесі чемоданнан табылғаннан кейін, полиция Австралияға қашуға әрекет жасаған 45 жастағы туристі ұстады. Бұл туралы «Daily Mirror» басылымы хабарлады.

Тергеу мәліметінше, британдық турист Саймон Карман полицияға жасөспірім қыздың өліміне қатысы бар екенін айтқан. Оқиға Паттайя қаласының Джомтьен жағажайында болған. Бұл аймақ туристер арасында, соның ішінде секс-туризммен байланысты орын ретінде белгілі.

Полиция нұсқасына сәйкес, Карман мен 17 жастағы Тунчанок Донхомла бейсенбі күні таңға жуық танысқан. Олар кейін қонақүйге бірге барған. Бейнебақылау камераларында екеуінің түнгі сағат 03:30 шамасында қол ұстасып кіргені түсірілген.

Тергеушілердің мәліметінше, ер адам бастапқыда қызға 1000 бат төлеуге келіскен, алайда кейін бұл соманы екі есеге азайтуды ұсынған. Күдіктінің айтуынша, осыдан кейін жанжал туындап, қыз оған пышақпен қауіп төндірген. Карман полицияға берген түсініктемесінде осыдан кейін қызды тұншықтырғанын айтқан.

Кейінгі бейнежазбаларда ер адамның кешкі сағат 22:00 шамасында қонақүйден қара түсті чемоданды сүйреп шыққаны көрінеді. Ол чемоданды мотоциклмен алып кеткен. Біраз уақыттан соң қонақүйге қолында чемодансыз қайта оралған.

Полиция күдіктіні Австралияға ұшып кетуге әрекет жасаған кезде ұстаған. Қазіргі уақытта іс бойынша тергеу жалғасып жатыр.

Егер сот оның кінәсін дәлелдесе, ер адамға Таиланд заңдары бойынша ең ауыр жаза, соның ішінде өлім жазасы тағайындалуы мүмкін.

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор