659

Доллар 480 теңге маңында: Елдегі валюта бағамы қандай?

Қазақстан қалаларындағы валюта нарығындағы жағдай өзгерді.

Доллар 480 теңге маңында: Елдегі валюта бағамы қандай?
REUTERS/Lisa Marie David

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, 1 шілдедегі жағдай бойынша Астана, Алматы және Шымкент қалаларындағы айырбастау орындарында доллар, еуро және рубльдің сатып алу-сату бағамдары жарияланды.

Астанадағы айырбастау орындарында АҚШ доллары орта есеппен 475,01 теңгеден сатып алынып, 482 теңгеден сатылып жатыр. Еуроның сатып алу бағамы 544,01 теңге болса, сату құны 554,01 теңгеге жеткен. Ал ресей рублінің бағасы 5,85-6,15 теңге аралығында.

Алматыдағы айырбастау орындарында доллар 477,81 теңгеден сатып алынып, 480,40 теңгеден сатылуда. Еуроның сатып алу бағамы 544,62 теңге, сату бағасы 550,40 теңге болды. Рубль 5,92-6,08 теңге аралығында саудалануда.

Шымкентте АҚШ валютасының сатып алу бағамы 478,63 теңгені, сату бағамы 480,91 теңгені құрады. Еуро 545,22 теңгеден сатып алынып, 552,30 теңгеден сатылып жатыр. Ал рубльдің бағасы 5,92-6,04 теңге аралығында өзгерді.

Ұлттық банктің ресми бағамы бойынша, 1 АҚШ доллары — 480,72 теңге, 1 еуро — 548,07 теңге, ал 1 ресей рублі — 6,14 теңге.

Айырбастау орындарындағы нақты баға әр мекемеде аздап өзгеруі мүмкін. Сондықтан валюта айырбастамас бұрын бірнеше орынның бағамын салыстырған жөн.

Материал авторы