Алматыда Конституция күніне арналған «Біз – біртұтас Қазақстан халқы!» концерті өтеді
Қала тұрғындары Конституция күніне арналған концертте танымал әншілердің өнерін тамашалай алады.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, 1 шілде күні Алматы қаласында Қазақстан Республикасы Конституциясының күшіне енген күніне арналған «Біз – біртұтас Қазақстан халқы!» атты мерекелік концерт ұйымдастырылады.
Ауқымды мәдени шара сағат 18:00-де «Алатау» дәстүрлі өнер театрының алаңында (Нұркент шағынауданы, 6) өтеді.
Қала тұрғындары мен қонақтарына ашық аспан астында арнайы концерттік бағдарлама ұсынылады. Мерекелік кеш барысында қазақстандық эстраданың белгілі орындаушылары мен шығармашылық ұжымдары өнер көрсетеді.
Концертке қатысатын өнерпаздар қатарында «Абырой» тобы, Айдана Меденова, «КешYOU» тобы, Ziruza, «Алаш ұлы» тобы, Ерке Есмахан, Раим, Садраддин және өзге де танымал әншілер бар.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, шара Қазақстан халқының бірлігі мен қоғамдық келісімін насихаттауға, отаншылдық рухты көтеруге және тәуелсіз мемлекеттің конституциялық құндылықтарына құрмет қалыптастыруға бағытталған.
Мерекелік кешке Алматы тұрғындары мен қала қонақтары шақырылады.
Өтетін күні: 2026 жылғы 1 шілде
Уақыты: 18:00
Өтетін орны: «Алатау» дәстүрлі өнер театрының алаңы, Нұркент шағынауданы, 6.