1278

Бибісара Асаубаева шахматтан әлемнің үздік бестігіне енді

22 жастағы Бибісара Асаубаева әлемдік рейтингте үздік бестікке кірді.

Бибісара Асаубаева шахматтан әлемнің үздік бестігіне енді
Lennart Ootes / FIDE

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, шахматшы Бибісара Асаубаева мансабында алғаш рет Халықаралық шахмат федерациясының (FIDE) әлемдік рейтингінде үздік бес ойыншының қатарына кірді.

Жаңартылған шілде айындағы рейтингте 22 жастағы гроссмейстер бесінші орынға жайғасты. Асаубаева 2538 рейтингтік ұпай жинап, алдыңғы көрсеткішпен салыстырғанда бірден екі сатыға көтерілді.

Қазақстандық спортшы әйелдер арасындағы әлемдік рейтингтің алғашқы бестігіне енген ең жас шахматшы атанды.

FIDE рейтингінде көш бастап тұрған ойыншы — Қытай өкілі Хоу Ифань. Үздік бестікке сондай-ақ қытайлық шахматшылар Чжу Цзиньэр, Лэй Тинцзе және қазіргі әлем чемпионы Цзюй Вэньцзюнь кірді.

Бибісара Асаубаеваның жоғары көрсеткіші оның соңғы маусымдағы сәтті өнерінің жалғасы болды. Маусым айында қазақстандық шахматшы Norway Chess Women 2026 беделді турнирінде жеңіске жетіп, FIDE әйелдер арасындағы 2026–2027 циклінің жалпы есебінде көш бастады.

Бұл нәтиже Асаубаеваның алдағы үміткерлер турниріне қатысу мүмкіндігін де күшейтті.

Айта кетейік, бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Бибісара Асаубаеваны отандық спортты дамытуға қосқан үлесі және халықаралық аренадағы жоғары жетістіктері үшін «Барыс» II дәрежелі орденімен марапаттаған болатын.

Материал авторы