886

Алматыда болашақ құдалар жанжалдасып, бір-бірімен пышақтасты

Қалыңдықтың ағасы мен күйеу жігіт арасындағы жанжал қан төгумен аяқталды.

Алматыда болашақ құдалар жанжалдасып, бір-бірімен пышақтасты
бейнежазбадан

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Алматыда үйлену тойына дайындық кезінде болашақ туыстар арасында туындаған жанжал пышақ жарақатымен аяқталды. Күдікті оқиға орнында көп ұзамай ұсталып, көлігінен пышақ тәркіленді. Зардап шеккен азамат ауруханаға жеткізілді.

Оқиға Алматы қаласының Бостандық ауданындағы сауда үйлерінің бірінің автотұрағында болған.

Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, ер адам мен қалыңдығының ағасы арасында жанжал шыққан.

«Жанжал кезінде қатысушылардың бірі, тергеу нұсқасы бойынша, пышақ алып, қарсыласына жарақат салған. Күдікті полицейлер тарапынан ізін суытпай ұсталды. Қылмыс құралы оның көлігінің салонынан табылып, тәркіленді. Айғақ заттар қылмыстық іс материалдарына тіркелді», – деп хабарлады полиция.

Жарақат алған азамат медициналық мекемеге жеткізіліп, ауруханаға жатқызылған.

Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Тергеушілер оқиғаның барлық мән-жайын анықтап, қажетті сараптамаларды тағайындаған. Тергеу нәтижесі бойынша жанжалға қатысушылардың әрекетіне құқықтық баға беріледі.

Материал авторы

Азиз Қалижан
Азиз Қалижан Редактор