882

Жазадан жалтарған қазақстандық әйел Ресейде ұсталып, елге жеткізілді

Қарақшылық шабуыл мен ұрлық үшін сотталған әйел жазасын өтеуден жалтарып кеткен.

Жазадан жалтарған қазақстандық әйел Ресейде ұсталып, елге жеткізілді
t.me/GenPr

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, топ болып жасалған қарақшылық шабуыл мен ұрлық ісі бойынша сотталған, жазасын өтеуден жалтарып жүрген Қазақстан азаматы Ресейден елге экстрадицияланды. Бұл туралы Бас прокуратура мәлімдеді.

Бас прокуратураның хабарлауынша, Қазақстан Республикасы Ресей Федерациясынан сот үкімі заңды күшіне енген әйелді елге қайтарып, жазасын өтеуін қамтамасыз етті.

Қарағанды қаласының Әлихан Бөкейхан аудандық сотының 2024 жылғы 10 мамырдағы үкімімен әйел адамдар тобы құрамында күш қолданып қарақшылық шабуыл жасағаны және бөтеннің мүлкін ұрлағаны үшін кінәлі деп танылған. Оған үш жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалған.

Алайда пробациялық бақылауда жүрген сотталған әйел 2025 жылдың наурыз айында жазасын өтеуден өз бетінше жалтарып кеткен. Соның салдарынан өтелмеген 1 жыл 4 ай 7 күндік жаза бас бостандығынан айырумен алмастырылып, оған іздеу жарияланған.

2025 жылдың қараша айында әйел Ресей аумағында ұсталған. Қазақстан Бас прокуратурасының сұрауы негізінде ол елге экстрадицияланды.

Қазіргі уақытта сотталған әйел жазасын әрі қарай өтеу үшін тергеу изоляторына қамалды.

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор