841

Астанадағы LRT желісінде өрт болды

Өрт шыққаннан кейін мамандар LRT желісінің электрмен жабдықтауын дереу тоқтатты.

Астанадағы LRT желісінде өрт болды
бейнежазбадан

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Астананың Есіл ауданындағы Сығанақ көшесінде жеңіл рельсті көлік (LRT) желісінде орналасқан электр кабельдері өртенді. Бұл туралы Kazinform агенттігі жазды.

Төтенше жағдай туралы хабарлама түскеннен кейін LRT мамандары оқиға болған учаскедегі электр қуатын жедел ажыратқан. Осыдан соң Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері өртті сөндіру жұмыстарына кіріскен.

Өрт бір погон метр аумақта оқшауланып, толықтай сөндірілді. Оны сөндіру кезінде автономды арқалық өрт сөндіргіш қолданылған.

Алдын ала мәлімет бойынша, оқиғадан зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Оқиға орнындағы жұмыстар толық аяқталды. Мамандардың мәліметінше, жалын басқа аумаққа таралмаған.

Еске салайық, бұған дейін LRT жобасының ресми атауы Tarlan Astana болып өзгертілген еді. Ал 2026 жылғы 16 мамырда Астанада елордадағы ең ірі инфрақұрылымдық жобалардың бірі саналатын LRT желісі ресми түрде іске қосылған болатын. 

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор