1045

Алматыда ер адам балалар алаңында балаға күш қолданды

Бейнекамераға түсіп қалған оқиғада ер адамның баланы итеріп жіберген сәті анық көрінеді.

Алматыда ер адам балалар алаңында балаға күш қолданды
бейнежазбадан

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Алматыдағы тұрғын үй кешендерінің бірінің ауласындағы балалар алаңында болған жанжалдың соңы кәмелетке толмаған баланың жарақат алуымен аяқталды. Оқиғаға қатысқан ер адам қамауға алынды.

Оқиға бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Видеода ер адамның балаларға жақындап барып, олардың бірін итеріп жібергені көрінеді. Соның салдарынан бала дене жарақатын алған.

Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, күдікті – осы тұрғын үй кешенінің тұрғыны.

Алдын ала мәлімет бойынша, ер адамның әрекетіне балалардың ойын кезінде туындаған жанжал себеп болған. Ол жағдайға араласып, мәселені өз бетінше шешпек болған.

Аталған дерек бойынша денсаулыққа қасақана зиян келтіру фактісімен қылмыстық іс қозғалды.

Күдікті қамауға алынды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр. 

Материал авторы

Азиз Қалижан
Азиз Қалижан Редактор